Пітір садақаны қадір түніне дейін беру керек пе?
Пітір садақаны қадір түніне дейін беру керек пе?
3 жыл бұрын 1211

Сәлеметсіз бе!
Пітір садақаны қадір түніне дейін беру керек пе, әлде ораза біткенше ме? Рахмет. Бақтығұл Молдағалиева

Сәлеметсіз бе, Бақтығұл! Негізінде пітір садақасы айттың бірінші күні, таң намазы кіргеннен бастап міндеттеледі[1]. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Ораза – Рамазан айында ұсталады, пітір садақасы – ауыз ашқан күні (айттың бірінші күні) беріледі, құрбан – құрбан айтта сойылады»[2], – делінген. Десек  те пітірді айттың алдында, рамазан айында да беруге болады. Ал, айт күнінде пітір садақасын бір жағдайлармен беріп үлгермей қалған болса, айттан кейін беруі керек.

Пітір садақаны айт намазы басталмай тұрып беру – мұстахаб. Өйткені, Пайғамбарымыз пітір садақасын айт намазына шықпай тұрып беретін болған.[3]

[1] Әл-Кәсәни, Бадаиғ – 2/544 бет.
[2] Тирмизи, Китабус Саум – 11 Баб/697-хадис.
[3] Әл-Марғинани, Хидая – 1/297 бет.

Абдусамат Қасым