Тарттырылған мал құрбандыққа жарамды ма?
Тарттырылған мал құрбандыққа жарамды ма?
3 жыл бұрын 5395

Әссәләмуғалейкум! Келе жатқан Құрбан айт мейрамы мүбәрәк болғай! Менің сұрайын дегенім, құрбандыққа шалынатын мал піштірілген болса, құрбандыққа жарамды ма? Ерлан

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрбан айт мерекесі баршамызға құт-береке әкелсін! Тарттырылған (піштірілген) мал - құрбандыққа жарамды. Олай болған себебі, «сахих хадисте» ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһис сәләмнің құрбан айт күні екі мүйізі сау, түсі қараала (немесе саф ақ түс), бірақ, тарттырылған екі қошқарды құрбандыққа шалғандығы сахаба Әбу Дәрдадан (р.а.) риуаят етіледі[1]. 


[1] Әбу Дәуід; әл-Байһақи. Хадистің арапша нұсқасындағы «мәужү’» сөзінің түпкі мағынасы: «малдың шатындағы тамырды үзу» дегенді білдіреді.

Абдусамат Қасым