Шетінеген сәбиге ақиқа құрбаны шалына ма?
Шетінеген сәбиге ақиқа құрбаны шалына ма?
6 жыл бұрын 8284

Ассалаумағалайкум. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Былтыр келіншегім босанған еді, бала 2-3 сағаттан кейін шетінеп кетті. Шетінеген балаға ақиқа құрбаны шалына ма? Азамат.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ақиқа құрбанының уақыты – жетінші күнінен былайғы уақыт. Сол себепті, туылмай жатып ана қарнында шетінеген шақалақ үшін немесе туылып, бірақ жетінші күніне жетпей қайтыс болған балаға ақиқа құрбаны шалынбайды. Осыған қатысты Имам Мәликтің мынадай бір сөзі келтіріледі деректерде: «Жетінші күнге жетпей қайтыс болса, ол үшін ақиқа құрбаны шалынбайды»[1].

*Жаңа туылған нәресте үшін шалынатын малды «ақиқа құрбаны» деп атайды. Нәрестенің үлпілдек шашын «ақиқа» дегендіктен, осыған байланыстырып «Ақиқа құрбаны» деп атаған. Үкімі - мұстахаб (ұнамды, бірақ міндетті емес).


[1]Ибн Абдиль Бир: әл-Истизкәр.

Абдусамат Қасым