Тіс қанаса, ораза бұзыла ма?
Тіс қанаса, ораза бұзыла ма?
8 жыл бұрын 37076

Сәлеметсіздер ме? Тістің өзінен өзі қанауы оразаны бұзады ма? Алдын ала рахмет

Сәлеметсіз бе! Тістің қанауы - оразаны бұзбайды. Бірақ, көп мөлшерде аққан қанды жұтпай, сыртқа шығарып тастап отыру керек. Көп мөлшердегі қанды жұтса, ораза бұзылады. Айттан соң қазасын өтейсіз. Аз, мөлшердегі қанның зияны жоқ. Қанның аз не көп екендігін түкірікпен салыстыра анықтауға болады. Егер, түкіріктің көп бөлігі қан боп тұрса, көп қан үкімінде. Жарымынан азы «аз қан» үкімінде. 

Дегенмен, негізгі бөлімін сыртқа шығарып отырғаннан кейін де, анша-мұнша бөлігі ішке өздігінен кетіп қалып жатқандай болса, оған кешірім бар. «Бұл жағдай – өздігінен кейін қайтқан құсық тәрізді, оразаны бұзбайды» делінген кітаптарда. (Ибн Ғабидин: "Раддуль Мұхтар". 3 /368 бет). 

Абдусамат Қасым