Шәууәл айындағы 6 күндік оразаны 3 күн айт біткен сон ұстаймыз ба? Қай күндері ораза ұстауға болмайды?
Шәууәл айындағы 6 күндік оразаны 3 күн айт біткен сон ұстаймыз ба? Қай күндері ораза ұстауға болмайды?
3 жыл бұрын 36628

Ассәләмуғалейкум! Шәууәл айының 6 күндік оразасын 3 күн айт біткесін ұстаймыз ба? Әлде айт күндері ұстай бере ме? Жанарбек Мағзамұлы.

Уағалейкумсалам! Ораза айттың бірінші күні ешқандай ораза ұсталмайды. Айттың екінші күнінен бастап шәууәл айындағы алты күндік нәпіл оразаны немесе қаза оразаларды ұстай беруге болады.   

Ораза ұстауға тыйым салынатын күндерді атап өтер болсақ, олар төмендегінше:

1. Шәууәл айының бірінші күні, яғни ораза айттың бірінші күні ораза ұстауға тыйым салынады. Ал, айттың екінші күнінен бастап рұқсат.

2. Зүл Хижжә айының 10, 11, 12 және 13 күндері ораза ұстауға болмайды. Дәлірек айтқанда Құрбан айттың бірінші күні және одан кейінгі үш күн, яғни тәшриқ күндері ораза ұстауға болмайды. Әбу Дәуідтің хадистер жинағында келтірілген риуаятта Әзірет Омар (р.а.) айт намазын құтпадан бұрын бастап, одан кейін былай деген екен:

«Шынында Алла елшісі осы екі күні ораза ұстаудан тыйды (құрбан шалатын күн және Ораза айтының бірінші күні). Өйткені Құрбан айт күні құрбанға шалған малдарыңның етін жейсіңдер. Ал, Ораза айт күні (бірінші күні) – ауыз ашасыңдар».

Тәшриқ күндері ораза ұстамайды деуімнің себебі, сахаба Ұқбә ибн Ъамирдің айтуынша Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:

«Арапа күні, құрбан шалар күні және тәшриқ күндері мұсылман жұртшылығының мейрам күндері боп саналады. Ол күндер – ішіп-жейтін күндер»[1].

Осы жерде мынаны ескерте кетелік, арапа күні ораза ұстауға рұқсат берген өзге хадисті де назарға ала отырып, хадисші ғалымдар: "аталмыш хадистегі арапа күнгі тыйым ол - қажылық парызын өтеп жатқан кісіге қатысты" - деген. Өзгелерге арапа күні ораза ұстау - сауапты[2].

[1] Тирмизи сүнәні – Китабус саум - №773 хадис.
[2] Тухфәтул Әхуәзи (Тирмизи шархы) – Китабус саум - №773 хадис түсіндірмесі.

Абдусамат Қасым