Рамазан оразасының қазасын осы Зүл-хижжә айының он күнінде ұстасам бола ма?
Рамазан оразасының қазасын осы Зүл-хижжә айының он күнінде ұстасам бола ма?
7 жыл бұрын 8206

Əссəлəму алəйкум уа рахматуллаһ! Менде Рамазан айынан қаза болған оразам бар. Енді, бірінші соның қазасын өтеуім керек пе, əлде Зул-хижжә айының оразасын ұстайын ба? Дәурен Аманжол

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Рамазан оразасының қазасын зүл-хижжә айының алғашқы он күнінде өтеудің еш ағаттығы жоқ[1]. Тіпті, Абдулла ибн Омар сынды сахабалар (р.анһум) қазаны осы қасиетті күндері өтеуді ұнамды әрекет санайтын[2]. Оның үстіне, Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Алланың жанында амалдардың ең ұлығы әрі ең сүйкімдісі - осы он күн ішінде жасалған амалдар»[3], - деген сөзін назарға алсақ, бұл күндері өтелген қаза ораза үшін қосымша сауап бар деуге болады. Әйткенмен, алдымен нәпіл ұстап, одан кейін қазамды өтеймін десеңіз де өз еркіңіз. Тек, Зүл-хижжәның 10-ші күні ораза ұстауға болмайды. Өйткені бұл күн - Құрбан айттың бірінші күні. Құрбан айттың бірінші күні және одан кейінгі үш күн, яғни тәшриқ күндері ораза ұстаудан шариғат тыйяды.   


[1] Имам әл-Кәсәни: Бәдәиғу – 2/642 бет.
[2] Ибн Әбу Шәйбә: әл-Мусаннаф
[3] Табари, Имам Ахмәд.

Абдусамат Қасым