Қаза оразаны қай кестеге қарап өтейміз?
Қаза оразаны қай кестеге қарап өтейміз?
2 жыл бұрын 15896

Қарыз болған күнді қай күннің ораза кестесі бойынша өтейміз? Яғни, сәресін қай уақытта ішіп, қай уақытта ауыз бекітеміз? Ауыз ашар уақыты ше? Ақжан Тоқшылықова.

Рамазан айынан кейін оразаның қазасын өтейтін кісі күнделікті намаз кестесін негізге алады. Дәлірек айтқанда: таң намазы кірген уақыт - ауыз бекіту уақыты болмақ. Сол уақытқа дейін сәреңізді ішсеңіз болады. Ал, ақшам намазының кірген уақыты - ауыз ашар уақытының кіргенін білдіреді. 

Абдусамат Қасым