Пітір садақасын туған бауырына беруге бола ма?
Пітір садақасын туған бауырына беруге бола ма?
6 ай бұрын 2121

Пітір садақасын туған бауырына беруге бола ма? Нұрбол. 

Пітір садақасын туған бауырына берген абзалырақ. Өйткені, өзгеге бергеннен, өз бауырына беру - екі есе сауап делінген. Бастысы бауырыңыз тұрмысы нашар, ақшаға мұқтаж жан болуы тиіс. Пітір садақасы – тұрмысы нашар мұқтаж жанға беріледі. 

Аталмыш мәселеге байланысты ардақты Алла елшісі Мұхаммед ғалейһиссәләм былай деген:

«Міскінге берілген садақа – бір садақа, ал жақынына берілген садақа – екі садақаның орнын басады. Оның бірі – берілген садақаның сауабы болса, екіншісі – туыстық байланыс орнатқаны үшін берілетін сауап»[1].


[1] Имам Ахмәд ибн Ханбәл

Абдусамат Қасым