Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
3 жыл бұрын 22006

Рамазан айында ұйқыдан тұра алмай сәресі уақытын өткізіп алған адам сол күнгі оразасына ниет етіп, еш нәр татпастан ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) «ашура күні»[1] жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмәмдасын. Ал ештеме жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!»[2]. 

Лаж болса, сәресіні жібермеңіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) "сәресіде береке бар" деген[1]. Сәресіде тәбетіңіз тартпай тұрса, тым болмағанда су ішкен жақсы. Осылайша, өзіңіздің денеңізді күні бойы керек еттіретін сұйықтықпен қамтамасыз еткен боласыз. Оның үстіне, сәресі адамға рухани демеу.  

[1] Мұхаррам айының оныншы күні.
[2] Сахих Бухари, Китабус Сиям, 1824-хадис

Абдусамат Қасым