Ораза кезінде система салдыру оразаны бұза ма?
Ораза кезінде система салдыру оразаны бұза ма?
10 жыл бұрын 24097

Ассалаумағалейкум!
Ораза ұстап жүріп система алуға не ине салғызуға бола ма? Дана.

Уағалейкумуссалам!

Қадірменді Дана, қазіргі дін ғалымдарының тоқтамы бойынша емдік сипаттағы дәрілер мен ауруды басатын дәрілерді тамырға укол арқылы немесе система арқылы салудың оразаға зияны жоқ, мысалы, инсулин, пенициллин, валтир т.б. Ал, бірақ салынатын дәрі денеге қуат берер азық сипатында болса (мысалы, глюкоза) немесе денеге рақаттық берер сипатта болса, бұзады, ал, денеге қуат берер сипатта еместер оразаны бұзбайды деп отыр[1].

Ендеше, ем үшін салғызатын ине салу мен система алу оразаңызды бұзбайды. Алайда, әлсіреген денеге қуат берер (общеукрепляющие капельницы) сипаттағы система қабылдау аузы берік кісіге рұқсат жоқ. Ондай системаны тек ауыз ашқаннан кейін ғана қабылдауға болады. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

[1] Мәжмәғуль Фиқһиль Исләми әд-Дуәли, 1997ж, 28 тамыз – 03 шілде аралығында берілген 91-96 қаулысы.; Din Isleri Yuksek Kurulu, Oruc. 42-s. Ankara. 2010 sene.

Абдусамат Қасым