Жұма күні қаза оразаны өтеу де мәкрүһ пе?
Жұма күні қаза оразаны өтеу де мәкрүһ пе?
2 жыл бұрын 6590 vk.com

Кайырлы кун! Жұма күндері оразаның қазасын өтеуге бола ма? Қазақ қызы.

Алла күндерімізді қайырлы етсін!  Беделді хадисші Мұхаммед ибн Мәжә (мил. 824-886 ж.) өзінің хадистер жинағында мынадай риуаят келтіреді: Сахаба Абдулла ибн Бүсрден жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:

«Сендер сенбі күні ораза ұстамаңдар, бірақ парыз етілген ораза болса, ол басқа...»[1]

Осы хадиске қарайтын болсақ, жұма немесе сенбі күндері Рамазан оразасының қазасы секілді парыз оразаларды тұту немесе белгілі бір күні ораза ұстаймын деп атаған «нәзір» секілді уәжіп оразаларды тұту - мәкрүһ емес. 


[1] Ибн Мәжә – Китабус саум - №1726 хадис.

Абдусамат Қасым