Жолаушы міндетті түрде аузын ашуы керек пе?
Жолаушы міндетті түрде аузын ашуы керек пе?
3 жыл бұрын 910

Сәлеметсіз бе? Мен бүгін Атырау қаласынан Бейнеуге автобуспен жолға шығайын деп отырмын. Мен ораза ұстап жүр едім, оразаны бұзайын ба? Бірақ мен ұстағым келеді!! Оразаны бұзбай, ұстай берсем бола ма? Эльвира.

Сәлеметсіз бе, Эльвира! Жаратушы Иеміз Алла тағала ораза кезінде пенделеріне кейбір жағдайда ораза ұстамауға рұқсат еткен. Сол рұқсаттардың бірі - жол жүргенде ораза ұстамау[1]. Бұл дегеніміз: ауызы берік адам өзінің тұрақты жерінен ең кемі 85-90 шақырым ұзақтықтағы жерге жолға ниеттеніп шықса, ол кісіге ораза ұстамауына рұқсат етіледі. Бірақ – міндет емес. Яғни, кімде кімнің жолаушы кезінде оразаға қауқары жетсе, аузын ашқаннан гөрі оразасын жалғастыра бергені абзал.

Ендеше, сіз де: «жол жөнекей ораза ұстауға күшім жетеді», - десеңіз ауызыңызды ашпағаныңыз дұрыс.

[1] Құран Кәрім, Бақара сүресі – 184 аят.

Абдусамат Қасым