Емтиханым бар. Ораза ұстамасам бола ма?
Емтиханым бар. Ораза ұстамасам бола ма?
10 жыл бұрын 6114

Шілденің аяғында емтиханым бар. Мен үшін ол емтихан өте маңызды. Емтиханға дайындық жасайтындықтан мен ораза ұстай алмаймын деп ойлаймын. Өйткені ораза менің емтиханға шоғырлануыма кедергі болады. Яғни, ойдағыдай дайындық жасай алмаймын. Не істесем болады? Ділшәт А.

Бисмилләһир рахманир рахим.

Қадірменді Ділшәт! Шариғатымыз кей жағдайларда Ораза ұстамауға рұқсат беретіні рас. Мысалы: Сапардағы адамға; Науқас кісіге; Ауыз бекітуге қауқары жоқ қарттарға[1]; Жүкті әйелдерге; Емізулі әйелдерге[2] т.б.

Бірақ емтихан дайындығын аталмыш жағдайларға жатқыза алмаймыз. Ойымды шоғырландыра алмаймын деп ойласаңыз сәресіден кейін салқын кеткенше  немесе ауыз ашып болғаннан соң дайындық жасасаңыз болады.

Бас айналып, құлап қалатындай күйге түспесеңіз, аздап қиналатыңыз үшін Алланың бұйрығынан бет бұрғаныңыз жөн болмас. Біраз табандылық танытып, Құдай ризалығы үшін шыдамдылық көрсеткеніңіз дұрыс.

[1] Бақара сүресі – 184 аят.
[2] Ибн Мәжә – 1667

Абдусамат Қасым