Денесінің бір жерін кесіп алып қанаса, ораза бұзыла ма?
Денесінің бір жерін кесіп алып қанаса, ораза бұзыла ма?
4 жыл бұрын 45685

Әссәләмуғалейкум! Менің сізге қояр сұрағым, ораза ұстаған адамның бір жері кесіліп кетіп, ол жерінен қан ақса, оразасы бұзыла ма?  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жарақаттан аққан қан оразаны бұзбайды. Сондықтан да, бір жеріңізді кесіп алып, ол жерден қан аққан болса, оразаңызға еш зияны жоқ. Бастысы қанды жұтпаған болуы керек. Мысалы, саусағын кесіп алған кісі, оны аузына апарып, қанын жұтып жатса, оразасы бұзылады. Бір күн қазасы керек.

   

Абдусамат Қасым