Аузы берік адамға өзен-көлге түсуге бола ма?
Аузы берік адамға өзен-көлге түсуге бола ма?
3 жыл бұрын 1023

Ораза кезінде салқындау, жеңілдеу мақсатында өзен-көлге т.б жерлерге шомылуға немесе ғұсылдануға болады. Бұл оразаны бұзбайды[1]. Тек, ауыздан не мұрыннан ішке су кетіп қалмауын байқау керек. Әбу Дәуідтің сүнанында риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузы берік бола тұра ыстықтықтағандықтан немесе қатты шөлдегендіктен басына су құйғандығы айтылады[2].

Шомылу барысында құлағына кірген су да оразаны бұзбайды дейді ғалымдарымыз[3].

[1] Фатауаль Исләмия, Даруль Ифта әл-Мысрия, 1/100 бет.
[2] Әбу Дәуід, Китабус Сиям, 2365-хадис. Сахих.
[3] Фатауаль Һиндия – 1/224 бет.

Абдусамат Қасым