Ауыз ашар уақыты кірді екен деп, екі минут бұрын ауыз аштым. Оразам санала ма?
Ауыз ашар уақыты кірді екен деп, екі минут бұрын ауыз аштым. Оразам санала ма?
6 жыл бұрын 26375

Әссәләмуғалейкум! Ауыз ашар уақыты кірде деп, 2 минут бұрын ауыз ашқан кісі, уақыт кірмегенін кейіннен білсе, үкімі қалай болады?  Медет Жақупбеков.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ауыз ашар уақыты - күн толығымен батып, ақшам намазының уақыты кіргеннен кейін басталады. Осыған орай, екі минут бұрын ауыз ашқан адам, күн толығымен батпай жатып ашқан болып отыр. Сондықтан да, Рамазан айынан кейін сол күннің қазасын өтеп алғаны дұрыс. Және де ондай нәрсе әдейі емес, қателіктен орын алғандықтан кәфарат өтеудің қажеті жоқ.

Абдусамат Қасым