Әйелдер «свеча» қолданса оразалары бұзыла ма?
Әйелдер «свеча» қолданса оразалары бұзыла ма?
3 жыл бұрын 5616

Сәлеметсіз бе! Әйелдердің емдік мақсатта қолданатын «свеча» деген (мед.суппозиторий) дәрілік заттар бар . Соны қолданар болсақ Ораза және ғұсыл бұзылады ма? Ж.Ш.

Аузы берік кезде ішке барар  жолдардың[1] бірінен қандай да бір зат түбегейлі ішке еніп орнықса, онда ораза бұзылады.  Осыған сәйкес аталмыш медициналық препаратты күндіз, ауыз берік сәтте қолданатын болсаңыз, оразаңыз бұзылады[2]. Мұндай жағдайда сол күнді Рамазаннан кейін бір күн қаза етіп өтейсіз, кәфәрат қажет емес[3].

Сондықтан мүмкін болса, әлгі препаратты қолдануды ауыз ашар уақытына қалдырғаныңыз жақсы.

«Медициналық свеча» ғұсылды керек етпейді. Ең дұрысы - Аллаға мәлім.

[1] Ішке барар жолдар ретінде: ауыз; мұрын; кей жағдайларда құлақ; тік ішек; қынап.
[2] Ибн Ғабидин: Раддул Мухтар – Бәбу мә иуфсидус саумә уә мә лә иуфсидуһу.
[3] Кәфәрат қажет ететін жағдайларды білгіңіз келсе мына сілтемеден оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/oraza/qandai-jagdailarda-oraza-kafaraty-qajet-175/ 

Абдусамат Қасым