Абайсызда су жұтып қойдым. Оразамды жалғастырам ба, әлде ашуым керек пе?
Абайсызда су жұтып қойдым. Оразамды жалғастырам ба, әлде ашуым керек пе?
5 жыл бұрын 4246

Салеметсиз бе! Аузым берік еді. Байқаусызда кішкене су жұтып қойдым. Оразамды жалғастырсам бола ма, әлде ашуым тиіс пе? Жазира.  

Сәлеметсіз бе! Ораза екеніңізді ұмытып су жұтып қойсаңыз ештеме етпейді, оразаңыз дұрыс. Ал ораза екеніңізді біліп тұрып, бірақ абайсызда жұтып қойған болсаңыз, ондай жағдайда сол күнді соңына дейін ұстайсыз және Рамазаннан кейін бір күн қазасын өтейсіз. Кәффәрат қажет емес. 

Алла қабыл етсін!

Абдусамат Қасым