Үтірде құныт дұғасын оқымай рүкуға барған кісі не істейді?
Үтірде құныт дұғасын оқымай рүкуға барған кісі не істейді?
9 жыл бұрын 20812

Әссәләмуғалейкум! Әлдебіреу үтір намазында құныт дұғасын оқуды ұмытып рүкуға кетіп қалса, қайта қиямға оралып, дұғаны оқиды ма? Егер сол үшін қиямға қайтса және дұғаны оқыса, намазы бұзыла ма? Мұрат.

Уағалейкум әссәләм, Мұрат! Үтірде құныт дұғасын оқуды ұмытып, фатиха мен қосымша сүреден кейін бірден рүкуға барған кісі құныт дұғасы үшін қайта қиямға оралмайды. Намазын ары қарай жалғастырып, соңында сәһу сәждесін орындайды. Ал, алда-жалда құныт дұғасын оқу үшін рүкуғдан қайта қиямға оралып жатса, намазы бұзылмайды дейді Ханафи ғалымдары. Бірақ сәһу сәждесін[1] орындауы шарт[2].


[1] Сәһу сәждесі жайында мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/namaz/sahu-sajdesi-qai-jagdailarda-jasalady-260/
[2] Әс-Сәрәхси – әл-Мәбсут , 1-том,  234-бет.; әл-Фәтәуә әз-Зәйния , «китабус сала», 41-бет.

Абдусамат Қасым