Таң намазының қазасы дауыстап оқыла ма?
Таң намазының қазасы дауыстап оқыла ма?
2 ай бұрын 2380

Ассаламуғалейкум! Таң намазының қазасы дауыстап оқыла ма, іштей оқыла ма? Дәурен.

Уағалейкумуссәләм!

Дауыстап оқылатын намаздың қазасын жамағат боп өтеген жағдайда имам әдеттегідей бастапқы екі рәкәғатын дауыстап оқиды. Күндіз өтесін, мейлі түнде өтесін дауыстап оқиды.

Ал қазаны өз бетінше өтейтін кісінің өз еркі: қаласа дауыстап оқиды, қаласа іштей оқиды. Әйтсе де, дауыстап оқығаны абзал[1]. Мысалы, таң намазының қазасын жалғыз өтейтін кезде, оны дауыстап оқуға немесе іштей оқуға еріктісіз.

Іштей оқылуы керек намаздардың қазасы жамағатпен де, жалғыз оқығанда да іштей оқылуы керек.