Наркоздағы адам қаза болған намаздарының қазасын өтеуі керек пе?
Наркоздағы адам қаза болған намаздарының қазасын өтеуі керек пе?
10 ай бұрын 1937

Әссәләмуғалейкум! Менің сұрайын деген сұрағым: Кейде адам ота жасатқанда наркозда жатып, бес уақыт намазын қаза етіп, жіберіп алады. Немесе комаға түседі.  Есін жиғанда намазының қазаларын өтей ме, жоқ əлде өтемей ме? Соны түсіндіріп берсеңіз! Ғабит Үсенов.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Наркоз себепті ең көп бес уақыт намазын жіберіп алған кісі, айыққаннан соң намаздарының қазасын өтеуі керек. 

Ал, бесеуден көп намазы қаза болған жағдайда (мысалы, бір жарым тәулік наркозда жатып, алты намазын қаза етсе), Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.) бойынша, ондайда қанша ұзақ жатса да оқылмаған намаздарының қазасы өтеледі. Себебі, ол - жасанды жолмен есін жоғалтып отыр[1]. Алайда, оның шәкірті Имам Мұхаммедке (р.а.) сүйенсек, наркозда жатып алты не одан көп намаздары қаза болған кісі, бұлардың қазасын өтемейді. Алтыдан аз болса ғана өтейді[2]. 


[1] Ал, бір нәрседен қатты қорыққаны себепті немесе сырқаттығы, қан аздығы сияқты табиғи себептердің салдарынан өздігінен талып қалған кісінің, сол күйіндегі бес уақыттан көп қаза болған намаздары өтелмейді.
[2] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтар - 1/574 бет. 

Абдусамат Қасым