Намаздың соңғы отырысында "тәшәһһуд" дұғасын екі рет қайталап оқыса, сәһу сәждесін жасау керек пе?
Намаздың соңғы отырысында "тәшәһһуд" дұғасын екі рет қайталап оқыса, сәһу сәждесін жасау керек пе?
7 жыл бұрын 12096

Әссәләмуғалейкум! Намаздың ең соңғы рәкәғатында «әт-тахияту» дұғасын екі рет қайталап қойсаң, қалай болады? Не істеу керек? Динара.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Намаздың соңғы отырысында «тәшәһһуд» дұғасы екі рет қайталанып оқылған жағдайда намаз дұрыс. «Сәһу сәждесін» жасау қажет емес. Ал, алғашқы отырыста екі рет оқылған болса, одан кейінгі қиямға тұру парызын кешіктіргені себепті намаз соңында сәһу сәждесін жасау керек. Бұл жайында «Фәтәуәль Һиндия» атты Ханафи фиқһ кітабында былай делінген:

«Алғашқы отырыста «тәшәһһуд» дұғасын қайталап оқыса, сәһу сәждесін жасау керек. Және (алғашқы отырыста) одан кейін «салауат» оқыған болса да (үкім) солай. Ал, соңғы отырыста қайталап оқыған жағдайда сәһу сәждесі қажет емес»[1]  


[1] Фәтәуәль Һиндия – 1/141-142 бет.; Ибн Нүжейм: Бахрур Раиқ  

Абдусамат Қасым