Намазды әдейі дәретсіз оқыған адам кәпір бола ма?
Намазды әдейі дәретсіз оқыған адам кәпір бола ма?
4 жыл бұрын 9674

Намазды дәретсіз оқыған адамның үкімі қалай? Егер ол әдейі  дәретсіз оқыса?

Құрметті сауал жолдаушы, намазды біле тұра дәретсіз оқу – кісіні діннен шығармайды, бірақ күнә жасаған болып саналады. Бұған қатысты кітаптарда: «Тахаратсыз әдейі намаз оқу – кісіні кәпір етпейді», - делінген. Алайда, егер ондағы ниеті намазды мазақ қылу болса, діннен шығып, кәпір болады[1]. 


[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мұхтар. 1/186 бет.

Абдусамат Қасым