Намазда фатиха сүресінен кейін қай сүрені оқитынын білмей бір сәт ойланып қалған кісі сәһу сәждесін жасай ма?
Намазда фатиха сүресінен кейін қай сүрені оқитынын білмей бір сәт ойланып қалған кісі сәһу сәждесін жасай ма?
7 жыл бұрын 7335

Әссәләмуғалейкум! Намазды бастап, Фатихадан кейін, кейде «қай сүрені оқысам» деп кішкене ойланып қаламын. Сөйтіп ойланып қалсам саху саждесін жасаймын ба? Бауыржан. 

Уағалейкум әссәләм! Фатихадан кейін қандай сүре оқитынын білмей «үш рет субханАлла» дейтіндей уақыт (яғни, бір рүкүнді орындау уақыт) ойланып тұрып қалған кісі, намаз уәжібін орындау амалын кешіктіргені үшін (сіздің жағдайда зам сүрені оқу уәжібін) намаз соңында сәһу сәждесін орындайды. 

Абдусамат Қасым