Намазда бір сүре тастап оқуға бола ма?...
Намазда бір сүре тастап оқуға бола ма?...
6 жыл бұрын 13522

Əссəлəмуғалейкум уə рахмəтуллаһи уа бəракəтуһ! Сізге қояр сұрағым: Намазда сүре оқығанда оның арасында бір сүре тастап оқу мəкрүһ пе? Мысалға, «Ықыластан» кейін «Фәлақты» емес , «Нас» сүресін оқыды делік? Қасиет

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Намаздың бірінші рәкәғатында бір сүре оқып, екінші рәкәғатында одан кейінгі тұрған сүрені аттап кету – мәкрүһ саналған. Ондайда ең аз екі сүрені тастаған болуы керек.

Алайда, арадағы сүре алдыңғы оқылған сүреден ең кемі үш аят мөлшеріндей ұзақ болса, онда оны аттап өтудің мәкрүһтігі жоқ. Мысалы, парыз намаздың бірінші рәкәғатында «Фатихадан» кейін «Тин» сүресі оқылып, екінші рәкәғатында «Қадір» сүресі оқылған жағдайда, бұл - мәкрүһ болмайды. Себебі, арадағы «Аляқ» сүресі - «Тин» сүресінен ұзын. Ал, сіз айтқандай, бірінші рәкәғатта «Ықылас» сүресін оқып, екінші рәкәғатта «Нас» сүресін оқу – мәкрүһ. Себебі, арадағы «Фәлақ» сүресі – Ықылас сүресімен шамалас.

Бұлай оқу мәкрүһ саналғанымен, намазды бұзатын жағдайларға жатпайды. Ондайда намазды қайта оқудың қажеті жоқ.

Абдусамат Қасым