Намаз оқып тұрып түшкірген адам «әлхамдулилләһ» деп айта ма?
Намаз оқып тұрып түшкірген адам «әлхамдулилләһ» деп айта ма?
6 жыл бұрын 8315

Ассаламуғалейкум! Намаз оқып тұрып түшкірген кезде «әлхамдулиллаһ» деп айтса бола ма? Берік

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!  

Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а) бойынша, намаз оқып тұрып түшкірген адам «әлхамдулилләһ» деп айтпайды. Айтар болса да тілді қимылдатпастан, ойша айтқаны дұрыс[1].  

Ұлық Имамның шәкірті Имам Әбу Юсуф болса, ондайда «әлхамду» айтылады деген. Тек, имамға ұйып тұрған заматта түшкірген кісі дауыстамай, іштей тілін қимылдатып қана айтады. Жалғыз өзі оқып тұрғанда дауыстап айтса да зияны жоқ. Дегенмен, «бұл мәселеде ең абзалы – намазда айтпаған дұрыс» делінген. Бірақ, ол сәтте айтылмаған «әлхамдулиллаһты» намаз аяқталысымен айтады[2].  


[1] "Фәтәуә татархания" – 1/418 бет.
[2] "әл-Фәтәуәл Һиндия" – 1/109 бет.  

Абдусамат Қасым