Намаз оқып тұрғанда әйел адамның шашы көрініп қалса, намазды бастан оқуы керек пе?
Намаз оқып тұрғанда әйел адамның шашы көрініп қалса, намазды бастан оқуы керек пе?
5 жыл бұрын 11965

Ассаламуғалейкүм уа рахматуллахи уа бәрәкәтух! Таң намаз оқып болғаннан кейін шашым шығып қалғанын көрдім. Енді қайта қазасын өтеу керек пе? Бастаған кезде жабық еді. Қашан ашылғанын білмеймін.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қағида бойынша, ғаурат жердің төртте бірі ашылып қалса, намаз бұзылады, қайта оқу керек. Төртте бірінен аз ашылған жағдайда намаз бұзылмайды.

Осыған орай, шашыңыздың төртте бірі ашылған болса, намазыңызды қайта оқу керексіз, дәрет жаңартпайсыз. Одан азына намаз бұзылмайды. 

Кейде намаз оқып тұрып, байқаусызда ғаурат жерлер ашылып қалып жататын сәттер болады, ондайда үш рет "сүбханалла" дейтін уақыт ішінде жауып үлгерсе, намазы дұрыс. 

Абдусамат Қасым