Намаз оқып тұрған адамның алдынан мысық кесіп өтсе, намаз бұзыла ма?
Намаз оқып тұрған адамның алдынан мысық кесіп өтсе, намаз бұзыла ма?
3 жыл бұрын 5914

Ассаляму'алейкум! Намаз оқып жатқанда алдынан адам, мысық кесіп өтсе, намаз бұзылмай ма? Жарқынай.  

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Хадис шәрифте: «Мұсылманның намазын еш нәрсе бөлмейді», - делінген[1]. Және Имәм Мәликтің "Му'аттасында" (хадис кітабы) орын алған бір риуаятта Әзіреті Омардың немересі Сәлим ибн Абдулла былай дейді: "Абдулла ибн Омар (яғни, әкесі) былай айтатын: "Намаз оқып тұрған адамның алдынан не өтсе де намазын бұзбайды"[2].

Сол себепті, намаз оқушының алдынан мысық өтсе де, адам өтсе де намаз бұзылмайды.

Тек, ересек адамның кесіп өтуі мәкруһ болмақ[3]. Ондай кезде намаз оқып тұрған кісі алдынан өткісі келген адамды тоқтатуына құқылы. Жоғарыдағы хадистің жалғасында: «(алдын кесіп өтуші адамды) қолдан келгенше тоқтатыңдар», - делінген. Ондайда ең дұрысы: жайнамаз мөлшеріндей арақашықтыққа бір зат қойған абзал. Оны «сутра» дейміз, яғни, бөгет. Бөгет қойылған жағдайда, намаз оқып тұрған кісінің алдынан өте беруге болады. Сутра қоюдың үкімі – мұстахаб[4].  


[1] Даруқутни: Китабус сала - №1365 хадис.
[2] Имам Мәлик: Муатта: №371 хадис.
[3] Сахих Мүслім: «Намаз оқып тұрған адамның алдынан кесіп өтетін кісі қаншалықты күнә жазылатынын білсе ғой, ол үшін (кесіп өтпкеннен гөрі) қырық жыл (не қырық күн яки қырық ай) тапжылмай тұруы, намаз оқушының алдынан өтуден қайырлы болар еді (немесе қайырлы деп есептер еді.ауд.)». 
[4] Сутра жайында толық мына сілтемеден оқи аласыздар: http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/namaz/namaz-oqyp-turgan-adamnyn-aldyn-uzaq-jerden-kesip-otuge-bola-ma-688/#gsc.tab=0 

Абдусамат Қасым