Мәкруһ уақыттарда зікір айтып, тәспих тартуға бола ма?
Мәкруһ уақыттарда зікір айтып, тәспих тартуға бола ма?
5 жыл бұрын 7608

Əссаламуəлейкум! Таң намазынан кейін күн шыққан уақытқа шейін (мəкруһ уақыттарда)Алланы ұлықтайтын зікірлер айтуға жəне истиғфар айтуға (астағфируллаһ) бола ма екен? Əлде күн шыққан уақытта оларды да айтуды тоқтатуымыз керек пе? G

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

 

Мәкруһ уақыттары тек намаз, жаназа және тиләуәт сәждесіне қатысты[1]. Тәспихаттарға қатысы жоқ. Сондықтан да, мәкруһ уақыттарда Алланы еске алып, тәспі тартудың және Құран оқудың ешқандай ағаттығы жоқ.

Құран Кәрімде былай делінеді:

فِي بُيُوتٍ أَذِنَ اللَّهُ أَن تُرْفَعَ وَيُذْكَرَ فِيهَا اسْمُهُ يُسَبِّحُ لَهُ فِيهَا بِالْغُدُوِّ وَالْآصَالِ

«Алланың өзін ұлықтап, өз атын еске алуға бұйырған үйлерде (мешіттерде) ертелі-кеш Алланы пәктеп, оған тәспих айтылып тұрады»[2].


[1] «Сахих Мүслімде» риуаят етілген бір хадисте былай делінеді: «Мына үш уақытта Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаз оқудан және мәйіттерімізді қабірге көмуімізден тыйды (жаназа намазы): Күн шыға бастағаннан көтерілгенге дейін, тапа тал түсте зәуәл уақытына дейінгі және күн бата бастағаннан, ұясына кіргенге дейінгі уақыт.  (Китабу Салатил Мусафирин уа қасриһа).
[2] Құран Кәрім: «Нұр» сүресі, 36 аят.

Абдусамат Қасым