Киімге арақ төгілсе, онымен намаз оқи беруге бола ма?
Киімге арақ төгілсе, онымен намаз оқи беруге бола ма?
8 жыл бұрын 9222

Әссәләмуғалейкум! Укол алғанда арақпен сүртіп, онысы киімге тиіп кетсе, ол киімді жуу керек пе?

Уағалейкумәссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Арақ - этил спирті мен судың қосындысынан туындаған алкогольді ішімдік. Бұның негізі құрма немесе жүзімнен жасалмайтындықтан, ішілуі харам болғанымен нәжіс ретінде есептелмейді. Өйткені деректерге қарағанда, Имам Ағзам Әбу Ханифа  нәжістер қатарына тек Құранда аты аталған жүзімнен жасалған шарапты ғана жатқызған. Бұнымен қоса, құрмадан жасалған шараптың да нәжіс екендігіне қатысты айтқан пәтуасы бар делінген. Сондықтан да, спирт немесе арақ киімге тиген жағдайда, намазға кедергісі жоқ. Бірақ, ішілуі – харам. Ауыр күнә.  

Ал, шампан, коньяк, шарап (вино) сынды жүзімнен жасалатын алкогольді ішімдіктер киімге тиген жағдайда (ең аз алақанның шұқырындай мөлшерде), сол жерін жуып тазаламайынша, ол киіммен намазға тұрмайды. 

Абдусамат Қасым