Жұма намазына сабақтан қашып баруға бола ма?
Жұма намазына сабақтан қашып баруға бола ма?
6 жыл бұрын 9977

Ассаләумағалейкум! Жұма күні сабаққа жібермей жатса, қашып кетуге бола ма? Анон.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жұма намазына бару - қыз баласына парыз емес. Және де балиғат жасына толмаған ұл балаларға парыз емес. Ал, жұма намазын оқу міндет боп саналатын жоғары сыныптағы намазхан ұл балалар мектеп басшылығынан не сынып жетекшісінен ата-аналары арқылы немесе өздері рұқсат сұрағандары дұрыс. Рұқсат берілмей, жіберілмей жатса, амал жоқ, жұманың орнына бесінді оқиды (оны да уақтылы оқи алмаса, бесіннің қазасын өтейді). Алла пендесіне күші жетпейтін нәрселерді міндеттемейді. 

Және жұма намазы уақытында намазхан оқушыларды мешітке жіберу мәселесін ата-аналар жиналысында да көтерген жөн. 

Абдусамат Қасым