«Жолаушы» үкімінің шарттары қандай және нендей жеңілдіктер қарастырылған?
«Жолаушы» үкімінің шарттары қандай және нендей жеңілдіктер қарастырылған?
3 жыл бұрын 459

Адам «жолаушы» үкіміне кіру үшін, ең әуелі, баратын жері кем дегенде 85-90 шақырым қашықтықта болуы керек[1]. Екіншіден, баратын жерін ниет етуі керек. Сондай-ақ, сапарға шыққан адам тұрғылықты елдімекенінің аумағынан толықтай шыққаннан бастап жолаушы болып есептеледі[2].  

Шариғатта жолаушыға бірнеше жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтсақ, төрт бас намазын екі басқа қысқартып оқиды, ораза айында ауыз бекітпеуіне болады, жұма күні жұма намазы парыз болмайды, аяғына киген мәсісіне үш күн бойы мәсіх тарта беруіне рұқсат[3]. 

Кемі 85-90 шақырым ұзақ бір жерге ниет етіп шыққан адам, діттеген жеріне жетпей, жарты жолдан кері қайтуға шешім қабылдаса, «жолаушылық» үкімінен шығады да, намаздарын қысқартпай толығымен оқиды[4].

[1] М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы Ғылымхал – 261 бет. Алматы.
[2] Әл Кәсәни, Бадаиғ – 1/467-477 бет.
[3] Тахмаз, әль фиһқуль Ханафи фи саубиһиль жадид – 1/310 бет.
[4] Өмер Насухи Бильмен, Ислам Илимхалы. Стамбул.
Абдусамат Қасым