Іштей бесін намазына ниет еткен кісі тілімен «асыр намазын» деп айтса, намазы дұрыс па?
Іштей бесін намазына ниет еткен кісі тілімен «асыр намазын» деп айтса, намазы дұрыс па?
2 жыл бұрын 3182

Әссәләмуғалейкум! Бір сұрақ сұрайын деген едім. Сұрағым мынадай: Бір досым бесін намазына ниет етіп келе жатып, «асыр намазын оқымаққа» деп тілмен айтып қойыпты. Осыған шариғат не дейді?  Мухтар Т.

Уағалейкум әссәләм! Құрметті Мухтар, ниет дегеніміз - қандай намазды оқитыныңызды іштей нақты білу деген сөз. Маңыздысы - іштегі жасалған ниет. Сондықтан іштей бесін намазын оқитынын біліп тұрған кісі шатасып, басқа намазды тілге алған болса дағы ниеті дұрыс. Оқыған бесін намазын қайтадан оқуының қажеті жоқ. 

Абдусамат Қасым