Тіске "брекет" салдыруға бола ма? Ғұсылға кедергісі бар ма?
Тіске "брекет" салдыруға бола ма? Ғұсылға кедергісі бар ма?
4 жыл бұрын 10711

Сәлеметсіздер ме! Қисайған тісті түзету мақсатында тісіне «брекет» салдырудың діни тұрғыда үкімін білгім келген еді. Дәрет пен ғұсылға кедергісі бола ма? Тісті түзету «Алланың жаратылысын өзгерткендік» болмай ма? Сәуле.

Сәлеметсіз бе!

Құрметті сұрақ қоюшы, дін мамандарының айтуына қарағанда, қисаймаған, ақауы жоқ тісінің әсемдігін арттырайын деген мақсатта брекет тақтыру «үзір» саналмайтындықтан, ғұсылға кедергі. Сондай-ақ, мұндай жағдайда брекет тақтыруды «әсемдік үшін Алланың жаратқанын өзгерту» болып табылады» дейтіндер бар.

Ал, егер, қисайғаны себепті көрер көзге ұсқынсыз болып тұратын немесе ауыз қуысында ыңғайсыздық тудырып жатқан тістерді түзету үшін дәрігердің кеңес етуімен брекет тақтырып жатса, онысы «тісті емдеу» болып саналатындықтан үзір ретінде есептеліп, ғұсылға кедергісі жоқ. Және де, бұндай жағдайда брекет тақтыру «Алланың жаратқанын өзгерту» емес, бойдағы кемшілікті жою болып табылады. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым