Тіс сауытын (коронка) салдырған едім, ғұсыл-дәретке кедергісі бар ма?
Тіс сауытын (коронка) салдырған едім, ғұсыл-дәретке кедергісі бар ма?
4 жыл бұрын 7326

Сәлеметсіз бе! Тісімде коронка бар еді. Дәрет қабыл болмай ма? Нұрбибі.

Сәлеметсіз бе!

Тіс сауыты - қираған тісті немесе сынған тісті қалпына келтіру үшін, яки тістің шайнау қызметін жақсарту мақсатында орнатылып жатады. Бұл да емдік мақсатта болғандықтан, оны жарақат үстіне таңылған таңғыш іспетті қарауға болады. Дәрет алғанда (не ғұсылда) жарақатқа таңылған таңғыштың үстінен масих тартуы жеткілікті саналғаны сияқты, тіс сауыты немесе пломбасы бар адамның да дәрет пен ғұсылы дұрып болып есептелінеді.

Осы орайда, тіс сауыты немесе пломбасы бар мұсылман «үзір иесі» саналмайтындықтан, намазда имамдыққа өте алады.

Абдусамат Қасым