Протез тісі бар адам мисуак қолданса, сауабы бола ма?
Протез тісі бар адам мисуак қолданса, сауабы бола ма?
2 ай бұрын 1178

Әс сәләму әләйкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Протез тіспен жүрген адам мисуак қолданса, сүннетті орындаған бола ма? Яғни өз тісін тазалағандай сауап ала ма? Марфуға.  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мисуак жайында былай деген:

 السِّواكُ مَطهَرةٌ للفمِ مَرضاةٌ للرَّبِّ

«Мисуәк – ауызды тазалаушы, әрі Құдайға жағымды»[1].  

Осы хадисте Пайғамбарымыз «ауызды тазалаушы» дей келе, барлық тістерді ішіне қамтып тұр: мейлі жасанды тіс болсын, мейлі табиғи тіс болсын. Сондықтан да,  мисуак қолданғаны үшін сауап алады. Өйткені, мисуакты қолданудағы мақсат – ауыз қуысын тазалау. Аузы таза болғанға, Алла да риза.

Оның үстіне мисуакты қолдану – сүннет амалды орындау деген сөз. Сүннетті орындаған адамға да өз алдына сауап бар. 


[1] Имам Нәсәи, (5). Айша анамыздан жеткен. Сахих.

Абдусамат Қасым