Пимаға мәсих тартуға бола ма?
Пимаға мәсих тартуға бола ма?
5 жыл бұрын 4721

Әссәләму'алейкум! Пимаға мәсих тартуға бола ма? 
Толығырақ жауап берсеңіздер екен!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Пиманың кейде қатты резеңкеден немесе қайыстан табаны болады. Бұған масих тартуға рұқсат[1].  Ал, табаны жоқ пимаға масих тарту үшін, он екі мың қадам (4-5 км.) жүруге шыдас беретіндей болуы керек. «Раддуль Мухтәр» атты Ханафи фиқһ кітабында мынадай сөйлем жолы бар:  «Жухадан (жүннен тоқылған қалың материал) жасалған мәсі бір фарсах жүруге жарайтындай қалың болса, мәсих тартуға рұқсат»[1].


[1]Шарттары: дәрет алып кию, шешпеген болуы және нәжістен таза болуы. 
[2]Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтәр. 1/438 бет.

Абдусамат Қасым