Наркоздан соң ғұсыл алу шарт па?
Наркоздан соң ғұсыл алу шарт па?
5 жыл бұрын 4320

Әссәләму алейкум! Наркоздан соң ғұсыл алу шарт па, әлде ол да ұйқы халіне жатады ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ес-түсінен айырылған адамның айыққаннан кейін ғұсыл құйынуы шарт емес, мұстахаб делінген. Пайғамбарымыз (с.а.у.) талып қалып, айыққаннан кейін шомылғандығы хадистерде айтылады. Алла елшісі үш рет талып, үшеуінде де айыққан сайын шомылып отырған екен[1].

Алайда, Алла елшісінің бұл әрекетінен Ислам ғалымдары «мұстахаб» үкімін шығарып, есі-танған адамға ғұсыл құйыну шарт емес деген тоқтамға келген.

Сондықтан да, наркоз барысында ғұсыл бұзатын жағдай орын алмаған болса, ол үшін арнайы ғұсыл құйыну шарт емес. 

Абдусамат Қасым