Киген мәсінің уақыты бітуге жақындағанда сапарға шықса, мәсінің уақытын ұзарта ма, әлде, жаңадан дәрет алып кие ме?
Киген мәсінің уақыты бітуге жақындағанда сапарға шықса, мәсінің уақытын ұзарта ма, әлде, жаңадан дәрет алып кие ме?
7 жыл бұрын 5486

Әссәләмуғалейкум, ұстаз! Тұрғылықты адамның киген мәсісінің уақыты бітуге жақындағанда сапарға шықса, мәсінің уақытын ұзарта ма,әлде жаңартып алу керек пе? Аманқос

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сахих хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мәсіге жолаушы емес адам бір күн және бір түн мәсих тартады. Ал жолаушы үш күн, үш түн мәсих тартады»[1], - деген. Осыған орай, Ханафи мәзхабы бойынша, жолаушы емес кісі киген мәсісінің уақыты бітпей тұрып жолға шыққан жағдайда, мәсінің уақытын үш тәулікке толтырады.

Керісінше, жолаушы кісі мәсіні кигеніне бір тәулік толмай жатып "мұқим" атанса, яғни, тұрақты немесе уақытша (он бес күн қалатын) елді-мекеніне кірген болса, ол үшін киген мәсісінің уақыты үш тәуліктен, бір тәулікке қысқарады[2]. Бұл дегеніміз, мәсісін кигеніне бір тәулік толысымен, дәреті болмаса толық дәрет алып, ал, дәреті болса, тек аяқты ғана жуып, мәсіні қайта киеді.


[1] Мүслім; Нисаи; Ибн Мәжә; Әбу Дәуід; әт-Тирмизи; Ахмәд.
[2] ән-Нуқоя Мухтасаруль Уиқоя; Хашияту Ибн Ғабидин; Имдат.

Абдусамат Қасым