Ғұсылсыз кезде Құран тыңдауға бола ма?
Ғұсылсыз кезде Құран тыңдауға бола ма?
6 жыл бұрын 18618

Əссəлəму ъəлейкум Уə Рахматуллаһи Уə Бəрəкəтуһ! Осы сұрағыма тез жауап алсам деп едім. Ғұсыл жоқ кезде Құранды құлаққап (наушник) арқылы тыңдаса бола ма ? Ермек.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ғұсыл жоқ кісіге Құран оқуға болмайды[1], бірақ оқылған Құранды тыңдауға рұқсат. Айша анамыз былай деген: «Мен хайызды болсам да, Пайғамбарымыз (с.а.у.) басын кеудеме қойып, Құран оқитын еді»[2]. Бұдан келіп шығады, жүніп кезде болсын, хайыз кезінде болсын - Құран тыңдаудың күнәсі жоқ. Тек, тілді қимылдатып, оқылып жатқан Құран аятын ауызша қайталамау керек.  

Әйтсе де, жүніптік кезде арнайы Құран тыңдағысы келген мұсылман ғұсылданып барып тыңдағаны абзал. Құран тыңдау да ғибадат болып саналғандықтан, мүмкін болса алдымен бой дәрет алған жақсы.


[1] Тирмизи: Сүнән - №131; Ибн Мәжә: Сүнән - №596: Абдулла ибн Омар былай деген: «Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Хайызы келген әйел де, жүніп болған адам да Құраннан еш нәрсе оқи алмайды», - деді».
[2] Әбу Дәуід: Сүнән - №260. 

Абдусамат Қасым