Ғұсылда басты жеке жуып, кейіннен денені жуса бола ма?
Ғұсылда басты жеке жуып, кейіннен денені жуса бола ма?
18 күн бұрын 3365

Ассалаумағалейкум! Ғұсыл құйынғанда басты жеке жуып артынан денені жуса бола ма? Рахмет. Алла разы болсын!  Нұрбол.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Басты жеке жуып, артынан денені жууға рұқсат. 

Және де, осыған байланысты "басты жуып, кейіннен дененің қалған жерін жуса, ғұсыл санала ма?" деген сұрақ та қойылып жатады. Оған айтарым: ғұсылы жоқ кісі бір жағдайлар себепті әуелі басын ғана жуып, кейіннен қалған жерлерін жуса (мойнынан бастап, бүкіл денесін) ғұсылы саналады. Егер, сол арада ғұсыл бұзатын жағдай орын алмаса, әуел баста жуған басын қайта жуудың қажеті жоқ. Дегенмен, ескеретін нәрсе, сол екі арада намаз қаза болып кетпеуіне мән берілген дұрыс.

Абдусамат Қасым