Ғұсыл алғаннан кейін, бір жері қанағанын көрсе, ғұсылды қайта ала ма?
Ғұсыл алғаннан кейін, бір жері қанағанын көрсе, ғұсылды қайта ала ма?
4 ай бұрын 3166

 Ассаламуғалейкум! Ғұсыл алып болғаннан кейін немесе ғұсыл алып жатқанда қан немесе ірің аққанын көрсең, ғұсыл дұрыс болып есептеле ме?  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ғұсыл алып болғаннан кейін бір жерден қан немесе ірің аққанын байқаса, ғұсылды қайта алудың қажеті жоқ. Ғұсылы дұрыс. Дәретті жаңалауыңыз жеткілікті. Өйткені, қан немесе ірің ғұсылды емес, дәретті бұзатын жағдайлардан саналады.

Абдусамат Қасым