Оразада "ковид" індетіне қарсы вакцина алсам, оразам бұзыла ма?
Оразада "ковид" індетіне қарсы вакцина алсам, оразам бұзыла ма?
3 жыл бұрын 6150

Қайырлы күн! Ковидке қарсы «Спутник» вакцинасының 1-дозасын алдым. Екінші доза ораза кезіне сәйкес келіп тұр. Вакцинаны алуым оразаны бұза ма? Еркеназ.

Құрметті сауал жолдаушы, укол терінің астындағы тамырға салынатындықтан ішке еш нәрсе бармайды. Сол себепті, бүгінде Ислам ғалымдарының басым көпшілігі укол алудың оразаны бұзбайтындығы жөнінде келіскен.

Бірақ, мысалы, денені қоректендірер, әрі әлсіреген денеге қуат берер сипаттағы дәрілерді егу және қан құю – оразаны бұзады дейді ғалымдар[1]. Олай болған жағдайда, бір күн қазасын өтеу керек.

Ендеше, Ковид-19 індетіне қарсы егілетін вакцина «денені қоректендірер» сипатта болмағандықтан, әрі тамыр арқылы салынып, ондағы сұйықтық ішке бармайтындықтан, оны аузы берік кезде егу оразаны бұзбайды деуге негіз бар.  

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!


[1] Қанның құрамында судың мөлшері көп болғандықтан қан құю оразаны бұзады делінген. Мемлекетаралық Ислам фиқһ кеңесінің 23 отырысы. № (3/23) 219 қарар. 2018 жыл.

Абдусамат Қасым