Мысыққа аборт жасатуға бола ма?
Мысыққа аборт жасатуға бола ма?
8 жыл бұрын 4966

Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уа баракатуһ! Мысыққа буаз кезінде аборт жасатуға бола ма? Мысық - даланың мысығы. Буаз болғанына ай болған жоқ. Ветеринар аборт жасатуға болады дейді. Бірақ мен шариғат бойынша сұрайын деген едім.

Айдана

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті Айдана, шариғаттағы «аборт» мәселесіне байланысты реттелген үкімдер адам баласына ғана қатысты. Хайуандарға қатысы жоқ. Сондықтан да, қажет болып жатса, мысыққа да аборт жасатуға рұқсат. Бірақ, аборт медициналық жолмен жасалуы тиіс (яғни, арнайы ветеринардың көмегімен), әрі, аборт жасамастан бұрын жанын қинамас үшін арнайы ауру сездірмейтін препарат егілуі ләзім. Өйткені, Ислам хайуан екеш хайуанға да азап шектіруді құптамайды. 

Абдусамат Қасым