Медицинада құрбақа, тышқан, жылан сияқты жәндіктерді сойып, эксперимент жасаймыз. Сол күнә ма?
Медицинада құрбақа, тышқан, жылан сияқты жәндіктерді сойып, эксперимент жасаймыз. Сол күнә ма?
7 жыл бұрын 5240

Ғылыми тәжірибе мақсатында жануарларды сою күнә ма?  Оған рұқсат етілген бе? Мысалы: тышқан, құрбақа, жылан, қоян, құс т.б. Студент кезде құрбақа тышқан жыландарды көп соятынбыз. Себебі оларга эксперимен жасайтынбыз. Вакцина саламыз, неше түрлі вирустарды егіп, сау жануарды ауру ететінбіз. Сөйтіп оған дәрі беріп емдейміз . Солай дәрілерге тәжірибе жасап, содан кейін барып адамдарға пайдаланамыз. Нерв талшықтарына электр тоғын жалғап, тоғыртып дірілдетіп нерв сигналдарын тексергенбіз. Солай солай жануарларга эксперимент жасап барып қана, опыт жинаймыз. Содан барып, адамдарға талдау жасаймыз.  

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жалпы алғанда, медициналық ғылыми зерттеулер жасап, түрлі аурулардың емін іздеу, түрлі препараттардың, вакциналардың әсерін тексеру, олардың адамға зиянды не зиянсыз екендігін анықтау т.б. бұлар – қоғам игілігі үшін қажет нәрселер. Сол мақсатта, жәндіктерді қолданып, оларға эксперимент жасап жатса, оған кешірім бар. Қағида бойынша, зәрулік – тыйым салынған нәрсені, рұқсатқа шығарады.

Дегенмен, жәндікті сояр кезде барынша азап шектірмеу жағын ойлаған жөн. Ол үшін мүмкін болса, ондай зерттеулер арнайы ауру сездірмейтін дәрілер егіліп барып, атқарылғаны абзал. 

Жекелей алып қарасақ, құрбақаны өлтіруді Пайғамбарымыз тыйған. Сахаба Әзіреті Османнан (р.а.) риуаят етілген хадисте, бір дәрігер Пайғамбарымызға келіп, одан құрбақаны дәріге қолдану жайында сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз құрбақаны өлтіруге тыйым салады[1]. Сондықтан да, мүмкіндігінше ондай зерттеуге құрбақаны пайдаланбаған абзал[2]. (Белгілі бір ғылыми зерттеудің нәтижесі өзгеге қарағанда құрбақаға жасағанда нақты анықталатындай болып жатса, қажеттілік себепті күнә болмас).

Одан бөлек, тышқан, жылан, кесіртке, шаян (скорпион), ала қарға, кісі талайтын қабаған ит, кезқұйрық - бұларды Пайғамбарымыз өлтіруге рұқсат еткен[2][3]. Және хадистегі рұқсаттың басты себебі: «зиянды болғандықтары үшін» деп түсінсек, өзге де зиянды жәндіктерді өлтіруге (соның ішінде ғылыми зерттеулер жасауға) рұқсат деуге болады.

Осы тұрғыда, тіршілік иелерін азаптау, зиянсыз болса да құр ермек үшін өлтіру - күнә. 


[1] Әбу Дәуід: Сүнән – Әбуәбун Нәум. №5269 хадис.
[2] Сахих Мүслім – Китабус сәләм: «Бәбустихаби Қотлиль Уәзғ».
[3] Сахих Бұхари - Китабу Жәзәис саид: «Бәбу мә яқтүлуль Мухрим минад дауаб».

Абдусамат Қасым