Жылан сорпасын емдік мақсатта ішсе бола ма?
Жылан сорпасын емдік мақсатта ішсе бола ма?
2 жыл бұрын 3669

Ассаламуғалейкум! Оңтүстікте жыланды кейбiр ауруларды емдеу үшiн қайнатып, сорпа жасап iшіп жатады. Бүгiн маған да сондай сорпа дайындалып жатыр. Ішуiме бола ма, әлде жылан етi xарам ба?  Р.

Уағалейкумсалам! Жыланның етін жеуге шариғатта тыйым салынады. Мұнда ғалымдар арасында талас жоқ. Алла тағала Құранда: «Ей Иман келтіргендер! Сендер Біз ризық етіп берген таза  тағамдарды ғана жеңдер. Және Аллаға шүкір етіңдер...»[1], - деп бұйырады.  Жылан жиіркенішті, әрі адам табиғатына тән ас емес. Оның үстіне ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) жыланды өлтіруге болатындығын айтқан. Егер жылан еті жеуге келер болса, онда Алла елшісі өлтіруді емес, оны қорек етуді кеңес етер еді.

Бірақ шариғатымыздың «өзге ем табылмағана жағдайда харам дүниелерді ем ретінде қолдануға рұқсат беретіндігін» назарға ала отырып айтарымыз: Егер жылан сорпасы Сіздің сырқатыңыздың тез айғып кетуіне септігін тигізері нақты дәлелденсе және өзге альтернативасы табылмаса ғана рұқсат деуге негіз бар.

[1] Бақара сүресі – 172-аят.

Абдусамат Қасым