Індетті жұқтырған науқастарды емдейтін дəрігерлерге ораза ұстамауға бола ма?
Індетті жұқтырған науқастарды емдейтін дəрігерлерге ораза ұстамауға бола ма?
2 ай бұрын 2192

Ассаламуғалейкум! Досымның өтініші бойынша, сұрап отырмын. Досым дәрігер болып жұмыс атқарады. Қазіргі таңда індет жұқтырғандарды сауықтыру бөлімінде жұмыс істейді. Бүгінде індет дәрігерлердің өзіне жұғуда. Соған білгісі келгені, мына оразада ораза ұстамаса бола ма? Өйткені, індет көбіне иммунитеті төмен адамдарға жұғып жатады. Ораза ұстаған адамның иммунитеті төмендейтіндіктен, індетті жұқтыру ықтималдығы да артады ма деген қаупі бар. Сіз осыған не дер едіңіз?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, шариғат қағидасы бойынша:

«درء المفاسد أولى من جلب المصالح – Жамандықты алыстату – жақсылықты жақындатудан артық (немесе ең әуелі орындалады)».

Сондай-ақ, басқа бір шариғи қағидада: «الضرورات تبيح المحظورات» – Зәру жағдайлар – шариғи тыйымдарды рұқсатқа шығарады», – делінеді.

Ендеше, досыңыз әріптестерімен және сол жердегі білікті дәрігер мамандармен ақылдаса келе, індетті жұқтырғандар арасында олармен тікелей байланыста жүрген дәрігердің ораза ұстауы иммунитетін төмендетіп, індетті жұқтырып алу ықтималдылығын арттырады деген шешімге келсе, уақытша ауыз бекітпеуінің күнәсі жоқ. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым