Сүт бауыры мен жездесінің алдында шариғат шәлісін кию керек пе?
Сүт бауыры мен жездесінің алдында шариғат шәлісін кию керек пе?
2 жыл бұрын 2587

Әссәләму ғалейкум! Әйел адам махрамының алдында орамалын шеше алады. Ал жездесі және сүт бауырлары да махрам болып келеді ғой, олардың алдында хижаппен жүруі шарт па? Марат

Уағалейкум ассалам! Бұл сұраққа былайша жауап беруге болады:  Шариғатта өмір-бойы бір-бірімен үйленуге болмайтын жақындар бар. Олар – бірге туған бауырлары, сүт бауырлары және құдандалы туыстар (مُصَاهَرَة)[1]. Осы категорияға кіретін ер кісілер алдында қыз баласына шариғат шәлісін тақпауына рұқсат.

Сондай-ақ, бір-бірімен уақытша үйленуге болмайтын жақындары бар.  Бұларға қыздың жездесі және қайын ағалары мен қайын інілері жатады. Олардың алдында балиғат жасындағы қыз баласы шариғат шәлісін тағады.

[1] Кімдермен үйленуге болмайтындығы жайында мына сілтемеден оқыңыз: http://islam.kz/kk/questions/januya/neke/sharigat-boiynsha-kimdermen-nekelesuge-bolmaidy-67/ 

Абдусамат Қасым