Мүшел жасқа толдым. Садақа беруім керек пе?
Мүшел жасқа толдым. Садақа беруім керек пе?
9 жыл бұрын 41125

Өзіңізге бір сұрағым бар еді: Қазір жасым 24-те. Яғни, мүшел жасқа келдім. Көбісінің айтатыны: «өзіңе ең қатты ұнайтын бір затыңды беруің керек» - дейді. Демек, бұл садақа беру керек деген сөз ғой?

«Мүшел жасқа толған адам садақа берсін» деген шариғат бұйрығы жоқ[1]. Дегенмен, Аллаға шүкіршілік ету мақсатында, яки Жаратушы өміріңізді ұзартсын деген оймен садақа таратып жатсаңыз, оныңыз дінге терес емес. Себебі, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: 

«Шынында, мұсылман кісінің берген садақасы - өмірін ұзартып, жүздеген жамандықтан сақтайды. Сондай-ақ, Алла тағала садақа арқылы адамдағы менмендік пен өркөкіректікті жояды», - деген.[2]


[1] "Мүшел жас" жайында қосымша мәлімет білгіңіз келсе: http://www.islam.kz/kk/questions/januya/otbasy/mushel-jas-jaiynda-din-ne-deidi-368/#gsc.tab=0 
[2] Имам Табарани, Муъжамул Кәбир - №13518 хадис.

Абдусамат Қасым