Баланы екі жыл емізу шарт па?
Баланы екі жыл емізу шарт па?
2 жыл бұрын 2828

Сәлеметсіз бе! Менің 1 жас, 2 айға толған балам бар. Екіншісіне жүктімін (3 айлық). Қазір баламды емізіп жүрмін. Кейбір адамдардың айтысына қарағанда, жүкті кезде бала емізуге болмайды екен. Екеуіне де зияны тиеді-мыс. Бірақ, Құранда «екі жасқа дейін емізу – оның ақысы» делінген емес пе? Осы жайында шариғатымызда қандай да үкім бар ма?

Мариям.  

Сәлеметсіз бе! Құрметті Мариям, сіз айтып отырған аятта:

«Емізуді толықтырғысы келген аналар балаларын толық екі жыл емізеді...» - делінген. (Бақара сүресі, 233-аят.).

Аталмыш аяттың «емізуді толықтырғысы келген» деген бөлімі: Емізуді «екі жылға» толтыру парыз емес, балаға залалы болмаса, екі жылға толтырмай да емізуді тоқтатуға рұқсат екендігін көрсетеді. Сондықтан да, әуелі дәрігер мамандармен ақылдасыңыз. Егер, сіз ойлағандай зияны бар деп жатса, емізуді тоқтатуыңыз күнә болмайды. 

Абдусамат Қасым